Munarmedia.kz | 15.06.2025 /Астана/-Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің ресми өкілі Шыңғыс Әлекешевтің мәлімдеуінше, ведомство көлік құралын мас күйінде немесе есірткілік әсермен басқарғаны үшін белгіленген жазаны жеңілдетуге түбегейлі қарсы.
Оның айтуынша, қатаң шаралар – соның ішінде жүргізуші куәлігін жеті жылға дейін алып қою – жол қозғалысы ережесін бұзушылардың санын азайтуға ықпал еткен. Соңғы бес жыл ішінде мас жүргізушілердің қатысуымен болған жол-көлік оқиғаларының саны 2,5 мыңға жеткен. Бұл апаттардың салдарынан 460-тан астам адам қайтыс болған.
ІІМ атап өткендей, азаматтардың өмірі мен қауіпсіздігін қорғау мақсатында мас жүргізушілерге қатысты жаза сол қалпында қалады және жеңілдетілмейді.