Munarmedia.kz 02.12.2025 /Астана/-Санитарлық-эпидемиологиялық бақылау комитетінің мәліметінше, 25 қарашада елде 21 451 адамнан вирус анықталған. Оның алдында бір күн бұрын бұл көрсеткіш 1 612 болған. Осылайша вирусты жұқтырғандар бірден 13 есе артқан.
1 қыркүйектен бері елде 1 998 181 адамнан жедел-респираторлық вирустық инфекция (ЖРВИ) анықталған. 1 253-і тұмаумен ауырған, басым бөлігі яғни, 1 250-і “Гонконг тұмауына” шалдыққан.
Денсаулық сақтау министрлігінің хабарлауынша, елде тұмауға қарсы 2,2 млн адам егілген. Дәрігерлер әсіресе, қарттар мен балалар, созылмалы ауруға шалдыққан адамдар үшін екпе салдыру маңызды екенін атап өтеді.
Жалпы тұмаудың негізгі төрт типі бар: А, В, С, D. Оның ішінде ең көп тарайтыны – A және В вирусы. Гонконг тұмауы – А вирусының бір штамы. Нақтырақ айтқанда – H3N2 вирусы. Негізгі симптомдары – дене қызуының 39°C-тан жоғары болады, құрғақ жөтел, бас ауырады, мұрын бітеледі.
Қазақстанда жедел-респираторлық вирустық инфекция жұқтырғандар күрт көбейді