Қазақстанда тұрғын үй мен пәтер жалдау қымбаттады

162


Ұлттық статистика бюросының мәліметтері бойынша, 2024 жылғы қараша айында Қазақстанда тұрғын үйді сату мен жалдау бағалары өсті.

Жылжымайтын мүлік нарығындағы негізгі өзгерістер:

Жаңа және екінші деңгейлі тұрғын үй бағасы жылдық көрсеткіште 3,4%-ға өсті.

Жайлы пәтерлерді жалдау өткен жылдың қарашасымен салыстырғанда 7%-ға қымбаттады.

Барлық сегменттер бойынша айлық өсім 0,4%-ды құрады.

Баға өсімінің көшбасшы қалалары:

Бастапқы нарық: Ақтөбе (+11%), Көкшетау (+10,1%), Тараз (+10%).

Екінші нарық: Атырау (+16,7%), Астана мен Көкшетау (екеуінде де +9,8%).

Жалдау: Орал (+24,2%), Шымкент (+24,1%), Талдықорған (+20,8%), Петропавл (+20,5%).

2024 жылғы қарашада 39 421 тұрғын үйді сатып алу-сату  ісі тіркелді:

Көпқабатты үйлердегі пәтерлер: 31 256  (79,3%).

Жеке үйлер: 8165 

Ең көп сатып алу-сату ісі  тіркелген өңірлер: Алматы (7533), Астана (6968), Қарағанды облысы (2995).

Ең азс атып алу-сату ісі тіркелген өңір: Ұлытау облысы (491).

Екі бөлмелі пәтерлер ең көп сатылған тұрғын үй түрі болды.

Пәтерлер бойынша мәмілелер саны өткен аймен салыстырғанда 2,6%-ға артты.

Жеке үйлер бойынша мәмілелер саны бір айда 6%-ға азайды.

Жылжымайтын мүлік нарығы белсенділігін сақтап отыр, бірақ бағаның өсуі сатып алушылар мен жалға алушылар үшін қосымша қиындықтар туғызуда.