Munarmedia.kz | 18.06.2025 / Астана-Ұлттық банк мәліметінше, 2025 жылдың мамыр айында елімізде жылдық инфляция үдей түсті. Сәуір айында бұл көрсеткіш 10,7% болса, мамырда 11,3%-ға жеткен.
🔻 Жылдық инфляцияның үдеуі Қазақстанның 16 өңірінде тіркелсе, 3 өңірде баяулап, 1 өңірде өзгеріссіз қалған. Ең жоғары жылдық инфляция Алматы қаласында байқалды – 13,0%.
🔻 Мамыр айында азық-түлік тауарларының бағасы жылдық есепте 9,6%-ға қымбаттады (сәуірде – 8,5%). Бұл көрсеткіш бойынша ең жоғары өсім Ақмола облысында тіркелген – 11,4%.
Ақылы қызметтердің бағасы да өсе түсті – мамырдағы өсім 16,0% болды (сәуірде – 15,7%). Бұл ретте, Алматы қаласында қызмет бағасының жылдық өсімі республикалық деңгейден әлдеқайда жоғары – 22,5%. Ал Алматы облысында, керісінше, бұл көрсеткіш 11,3% болып, төмен деңгейде қалды.
🔹 Экономистер бағаның өсуі маусымдық факторлармен қатар, логистикалық шығындар мен отын бағасына байланысты деп отыр. Сонымен қатар, халықтың тұтыну қабілеті де нарықтағы баға динамикасына әсер етуде.
🔹 Инфляцияның қайта үдеуі қарапайым азаматтардың күнделікті шығындарын арттырып отыр. Осыған байланысты сарапшылар алдағы айларда да баға тұрақсыз болып қала беруі мүмкін екенін ескертуде. Ұлттық банк инфляцияға қарсы шаралар қабылдауды жалғастыратынын мәлімдеді.