Қазақстанда алғашқы АЭС салынатын орын ресми түрде анықталды

119


Қазақстан үкіметі елдегі алғашқы атом электр станциясын (АЭС) Алматы облысының Жамбыл ауданында салу туралы шешім қабылдады.

Премьер-министр Олжас Бектенов қол қойған қаулы 2024 жылғы 30 желтоқсанда бекітілген. Алайда ол бүгін нормативтік актілер базасында жарияланғаннан кейін ғана ресми күшіне енді.