Қазақстанда 100-ден астам азамат жаңа қаржы пирамидасына 200 млн теңгеге жуық қаржы аударған

86


Ақтөбе облысында Harmony Rider Technology атты қаржы пирамидасының қызметі тоқтатылды. Бұл құрылым өзін америкалық компания ретінде көрсетіп, азаматтарға электросамокаттарды жалға беру ісіне инвестиция салуды ұсынған. Уәде етілген табыс – күніне 690 долларға дейін, қосымша криптовалюта түріндегі бонустармен.

📌 Нәтижесінде 100-ден астам адам зардап шекті. Жалпы келтірілген шығын 197 миллион теңгені құрады. 70 миллион теңгеден астам сомаға мүлікке тыйым салынды. Қазіргі уақытта іс сотқа жолданды.