Қазақстан Дамаскіде ұлы түркі ойшылы әрі ғалымы әл-Фараби атындағы мәдени орталықты тұрғызды. Жобаға 2008 жылы 8 миллион долларға жуық қаржы бөлініп, құрылыс 2011 жылы аяқталған.
Алайда дәл сол жылы Сирияда азаматтық соғыс басталып, ғимараттың ашылуы 15 жылға жуық кейінге шегерілді.