Қарағанды мен Жезқазған арасына жаңа жол салынады

51

Munarmedia.kz 16.04.2026/Astana/ –  Қарағанды – Жезқазған автожолын салу жобасы жүзеге асырылмақ. Жобаның жалпы құны 650 млрд теңгені құрайды.

Қаржыландыру туралы келісім Вашингтон қаласында Дүниежүзілік банк және Азия инфрақұрылымдық инвестициялар банкі қатысуымен жасалды. Жалпы қарыз қаражатының көлемі 650 млрд теңгені құрайды.

Ұзындығы 570 шақырымды құрайтын автожол 2026–2029 жылдары салынбақ. Жоба іске асқан жағдайда жол жүру уақыты қысқарып, қауіпсіздік деңгейі артып, өңірлер арасындағы көлік байланысы нығаяды деп күтілуде.

ҚазАвтоЖол компаниясының мәліметінше, жаңа трасса Астана – Қызылорда көлік дәлізінің бір бөлігіне айналады. Сонымен қатар жоба аясында 13 мыңнан астам жұмыс орны ашылады.

#Қарағанды #Жезқазған #Инфрақұрылым #ЖолҚұрылысы #Қазақстан #Экономика #Astana #Munarmedia