Өзбекстанда әртістер 2025 жылы 154 млн сум салық төлеген

68

Munarmedia.kz 15.04.2026 /Astana/ 2025 жылы Өзбекстанда әртістер табыстарын декларациялап, жалпы сомасы 154 млн сум көлемінде салық есептелген. Бұл туралы Өзбекстан Әділет министрлігі хабарлады.

Ведомство мәліметінше, өткен жыл бойынша декларацияны 305 орындаушы тапсырған. Орта есеппен әр әртіске шамамен 505,6 мың сум салықтан келген.

Салыстыру үшін, 2024 жылы декларацияны шамамен 2 мыңға жуық әнші тапсырған. Сол кезде есептелген салықтың жалпы көлемі 1,1 млрд сумды құрап, бір орындаушыға шаққандағы орташа салық 544,5 мың сум болған.

Сонымен қатар Өзбекстан Әділет министрлігі концерттік-ойын-сауық қызметімен айналысатын тұлғаларға арналған салық жүйесіне өзгерістер енгізу жобасы қоғамда үлкен қызығушылық тудырғанын атап өтті.

Қоғамдық талқылауға ұсынылған құжат шамамен 16 мың рет қаралып, пайдаланушылар тарапынан 130 ұсыныс пен ескерту түскен.

#Өзбекстан #салық #әртістер #экономика #жаңалықтар #Munarmedia