Munarmedia.kz 17.04.2026 Өзбекстанның Бұхара қаласы мен өзге де өңір тұрғындары күшті шаңды дауылдың видеоларын әлеуметтік желілерде бөлісуде. Табиғи құбылыс салдарынан жаяу жүргіншілер мен көліктер үшін көріну қашықтығы бірнеше метрге дейін төмендеген.
Шаңды дауыл Тәжікстан тұрғындарын да алаңдатып отыр. Душанбе қаласында тұрғындарға аса қажеттілік болмаса, үйден шықпауға кеңес берілген. Ал сыртқа шыққан жағдайда қорғаныс маскаларын тағу ұсынылған.
Синоптиктердің мәліметінше, шаңды дауылдың Қазақстан аумағына жету қаупі бар.