Munarmedia.kz 04.12.2025 /Астана/ Оңтүстік-Шығыс Азияда бір аптадан бері толассыз жауын мен лай көшкіндері салдарынан жойқын су тасқыны тоқтамай тұр. Табиғи апат аймақтағы елдерді шарпыды, қаза тапқандар саны 350 адамнан асты, мыңдаған отбасы баспанасыз қалды. Экономикалық шығын жүздеген миллион доллармен есептелуде.
Ең қатты зардап шеккен мемлекеттер:
• Индонезия. Солтүстік Суматра, Ачех және Батыс Суматра провинцияларында 200-ден астам адам қаза тауып, тағы жүзге жуық тұрғын хабар-ошарсыз кеткен.
• Тайланд. 162 адамның өлімі тіркелді. Жалпы 3,5 миллионнан астам адам зардап шеккен.
• Шри-Ланка. 123 адам көз жұмып, 130 тұрғын із-түзсіз кеткен. Елде төтенше жағдай режимі жарияланды.
• Вьетнам. 98 адам қаза болды. Залал мөлшері 546 миллион доллар деп бағалануда. Бұл — соңғы 30 жылдағы ең ірі су тасқыны.
Әлем көшбасшылары табиғи апаттан зардап шеккен елдерге көңіл айтып, халықаралық қолдау көрсетуге дайын екенін мәлімдеп жатыр.
Осындай ауыр күндерде Вьетнамда ерекше ерлік оқиғасы да тіркелді: Ресей азаматы Андрей жалға алған қайықпен су басқан аудандардан ондаған адамды құтқарып, жергілікті халықтың алғысына бөленді.