Азербайжандық Embraer 190 ұшағының апатынан қаза тапқан 38 адамның арасында экипаж командирі Игорь Кшнякин мен екінші пилот Александр Кальянинов та болды. «Орда» редакциясы олар жайлы мәліметтерді анықтады.
Пилоттар туралы жеке ақпарат көп емес. Игорь Кшнякиннің 15 мың сағаттан астам ұшу тәжірибесі бар екені белгілі, оның ішінде 11,2 мың сағаты экипаж командирі ретінде болған. Бұл туралы Azerbajan Airlines компаниясының баспасөз қызметіне сілтеме жасап ТАСС хабарлады. Ресейлік БАҚ Кшнякиннің жұбайына сілтеме жасап, оны РФ азаматы деп атады.
Дегенмен, жақында Azerbajan Airlines барлық экипаж мүшелерінің Азербайжан азаматтары екенін хабарлаған.
Екінші пилот Александр Кальяниновтың Бакиндік Еуропалық лицейдің түлегі екені белгілі.
«Ол арманын жүзеге асырды — ұшқыш болды. Біз оның жетістіктеріне қатты қуана едік. Ақылды, келбетті жас жігіт өмірінің гүлденген шағында қаза тапты. Ол қызметтік міндетін орындау барысында ондаған адамның өмірін құтқарып, қаза тапты», — делінген лицей жариялаған хабарламада.
Кальяниновтың ұшу сағаты жайлы ақпарат жоқ.
Бұған дейін біз Embraer пилоттарының апатқа дейінгі сөйлесулерінің (стенограммасының) мәліметтерін жариялаған болатынбыз.