Қасым-Жомарт Тоқаев:
– ҚХР Төрағасы Си Цзиньпиннің тікелей қолдауымен қазақ-қытай қатынасы бұрын-соңды болмаған қарқынмен дамып жатқанын атап өткім келеді
– Былтыр екі ел арасындағы тауар айналымы 44 миллиард долларға жетті. Бұл – ең жоғары көрсеткіш
– Мен осы сапарымның аясында Қазақ-қытай іскерлік кеңесінің отырысына қатысамын. Қытайдың бірқатар ірі компаниясының басшыларымен кездесемін
– Екі елдің мәдени-гуманитарлық ықпалдастығын нығайтуға қолайлы жағдай жасалған. Соның жарқын мысалы – Қазақстанда «Лу Бань зертханасының» екінші және үшінші филиалдары ашылатын болды.
ҚХР Төрағасы Си Цзиньпин:
– Араға екі ай салып қайта жүздесіп отырмыз. Бұл қытай-қазақ қатынастарының деңгейі жоғары әрі ерекше сипатта екенін көрсетеді
– Сіздің төрағалығыңызбен екінші «Қытай – Орталық Азия» саммиті табысты өтті. Біз Қытай мен аймақ елдерінің ынтымақтастық рухына сай келетін және Қытай – Орталық Азия диалогының жаңа кезеңіне жол ашатын маңызды құжаттар қабылдадық
– Халықаралық ахуал қалай құбылатынына қарамастан, Қытай мен Қазақстан бір-біріне әрдайым сенім артып, арқа сүйей алатын стратегиялық серіктестер
– Екі ел тату көршілік және достық байланыстарға әрқашан бейіл. Біз ашықтық пен өзара тиімді ынтымақтастық қағидаттарынан айнымай, тағдыры ортақ көршілес елдер қоғамдастығын құру бағытын ұстанамыз
– Түпкі мүддеміз бен басты түйткілдерге қатысты мәселелерде бір-бірімізге жан-жақты қолдау көрсетуге әзірміз.