Ливия жағалауында Қазақстан мұнайын тасымалдаған танкер жарылды

69

Munarmedia.kz 02.07.2025 жыл / АСТАНА/.DW мәліметіне сілтеме жасай отырып хабарлайды Munarmedia.kzDW мәліметіне сілтеме жасай отырып хабарлайды Munarmedia.kz

-Ливияның жағалауында Қазақстан мұнайын тасымалдап бара жатқан Vilamoura танкерінде жарылыс болды. Бұл туралы DW басылымы жазды. Жарылыс кезінде кемеде шамамен 1 миллион баррель мұнай болған. Танкердің иесі – грек компаниясы TMS Tankers.

Vilamoura танкері бұған дейін ресейлік порттар арқылы Қазақстан мұнайын тиегені анықталды. Трекинг-сервистердің мәліметінше, ол сәуір айында Усть-Луга портына, ал мамырда Каспий құбыр консорциумының Новороссийск маңындағы терминалына кірген.

Бұл – 2025 жылдың басынан бері Ресей порттарына кірген кемелерге байланысты тіркелген кемінде төртінші жарылыс. Оқиға себептері әзірге нақтыланған жоқ, халықаралық сарапшылар оқиғаны зерттеуде.