Munarmedia.kz ақпаратық-танымдық медиа портал
Астана
USD 501.21
Menu

Лавровқа лайықты жауап берілді

42

Өзбекстан Журналистика және бұқаралық коммуникациялар университетінің ректоры Шерзодхон Кудратходжа Ресей Сыртқы істер министрі Сергей Лавровтың Самарқандтағы «Қайғылы ана» мемориалында орыс тіліндегі жазудың болмауына қатысты мәлімдемесіне жауап берді, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы.

Бұған дейін Лавров мемориалды аралау барысында қаза тапқан сарбаздарға арналған сөздердің өзбек және ағылшын тілдерінде жазылғанын айтып, неге орыс тілінде жазу жоқ екенін сұраған болатын.

Ректордың пікірінше, әрбір мемлекет тарихи ескерткіштер мен нысандарға қатысты тіл саясатын өзі айқындауға толық егемендікке ие. Ол басқа елдердің жоғары лауазымды өкілдерінің мұндай ескертулер жасауы орынсыз екенін атап өтті.

«Шетелден келген басқа мемлекеттің сыртқы істер министрінің бізді сынауы дұрыс емес. Ақыр соңында, біз олардың колониясы емеспіз!» — деді ол.

Сондай-ақ, ол мұндай мәселелер көтерілетін болса, Өзбекстан да өз азаматтарының Ресейдегі жағдайына назар аударуға құқылы екенін айтты. Атап айтқанда, еңбек мигранттарының құқықтарының бұзылуына қатысты сөз қозғады.

«Неліктен біздің мигранттарды Ресейде жиі кемсітуге ұшыратады? Неліктен олардың құқықтары полиция немесе басқа билік өкілдері тарапынан бұзылған кезде, ешбір шенеунік әрекет етпейді? Егер Лавров мырза мемориалдағы жазу тіліне сүйеніп, ана бейнесінің қасиеттілігі туралы айтатын болса, біз оған адам құқықтары да кем емес дәрежеде қасиетті екенін еске салуға құқылымыз», — деп түйіндеді ректор.

Еске салсақ, бұған дейін Сергей Лавров Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың мемлекеттердің аумақтық тұтастығына құқығы туралы сөздерімен келіспейтінін мәлімдеген еді.