Munarmedia.kz ақпаратық-танымдық медиа портал
Астана
USD 501.21
Menu

Көшеде ұсталғандар — «әскери қызметтен жалтарғандар»: Қорғаныс министрлігі рейдтерге түсініктеме берді

46

Munarmedia.kz | 10.06.2025 / Астана-Әлеуметтік желілерде тараған бейнежазбаларда жастардың көшеде ұсталып, әскери комиссариаттарға жеткізілгені көрсетілген. Бұл жағдайға байланысты Қорғаныс министрлігі ресми түсініктеме беріп, бұл әрекеттер әскери қызметтен жалтарып жүрген шақырылушыларға қатысты екенін мәлімдеді.

Министрліктің ресми өкілі Руслан Жанғұлиннің айтуынша, кейбір азаматтарды тіркелген мекенжайы бойынша табу мүмкін болмай отыр — олар тұрғылықты жерінде тұрмайды немесе шақырту қағаздарын елемейді. Мұндай жағдайда, спикердің сөзінше, оларды мәжбүрлеп жеткізуге полицияның заңды құқығы бар. Кейде шақырылушылар қарсыласып, сол себепті ұстау әрекеттері орын алуда.

Әскери комиссариатқа жеткізілгеннен кейін азаматтың әскерге жарамдылығын арнайы шақыру комиссиясы анықтайды. Егер жарамсыз деп танылса — үйлеріне қайтарылады, ал жарамды болса — медициналық тексеруге жіберіледі.

Әскерден жалтарғандарға әкімшілік және қылмыстық жауапкершілік қарастырылғаны ескертілуде. Сонымен қатар, бейнежазбалар мен хабарламаларды таратушыларға жалған ақпарат таратудан бас тарту жөнінде ескерту жасалды.