Munarmedia.kz | 15.06.2025 /Астана/-Иран сыртқы істер министрі Аббас Аракчи елінің ядролық қаруға ие болмауын қамтамасыз ететін кез келген келісімге дайын екенін мәлімдеді.
«Біздің ұстанымымыз бойынша, ядролық қару — тыйым салынған қару. Сондықтан Иранда мұндай қару болмауын көздейтін кез келген келісімге біз дайынбыз», – деді министр.
Сондай-ақ ол Тегеран Израильге жасалып жатқан шабуылдарды тоқтатуға әзір екенін айтты. Бұл үшін Израиль тарапынан Иранға бағытталған соққылар да тоқтатылуы тиіс.
Аракчидің айтуынша, Израиль Иранға соққы беру арқылы Тегеран мен Вашингтон арасындағы ядролық келіссөздердің жалғасуына кедергі келтіруді көздеген.
Министр Тегеран АҚШ-тан әртүрлі арналар арқылы Израиль операцияларына қатыспайтыны туралы хабар алғанын растады. Алайда, «біз бұл мәлімдемеге сенбейміз», – деп атап өтті ол.