Иран СІМ басшысы санкцияларды қайта қалпына келтіру әрекетіне қатаң жауап беретінін ескертті

73


Иран сыртқы істер министрі Аббас Аракчи БҰҰ санкцияларын қалпына келтіру тетігі — «snapback» механизмін іске қосу әрекеті жасалса, Тегеран «қатаң» жауап қайтаратынын мәлімдеді.

🔹 «Иран ешқашан келіссөздер үстелінен кеткен емес және дипломатияны қалайды, бірақ санкцияларды қайтару механизмін іске қосуға қатаң жауап береді», — деді Аракчи.


Snapback механизмі деген не?

«Snapback» — бұл 2015 жылы Иранмен жасалған ядролық келісімді (СВПД) бекіткен БҰҰ Қауіпсіздік кеңесінің №2231 қарарына енгізілген арнайы тетік. Ол келісімге қол қойған кез келген елге Иран келісім талаптарын бұзды деп есептеген жағдайда, БҰҰ-ның бұрынғы халықаралық санкцияларын автоматты түрде қалпына келтіруге мүмкіндік береді.

Яғни, бұл механизмнің көмегімен Иранға қарсы бұрынғы санкциялар қайта күшіне енуі мүмкін — ал бұл Тегеранның жағынан қатты қарсылық тудыруда.