Жаңа Зеландия зерттеушілері Ресей мен НАТО елдері арасындағы ғаламдық ядролық соғыс салдарын модельдеді. Олардың пайымдауынша, мұндай қақтығыс нәтижесінде Жер атмосферасына 150 тераграмм күйе таралады. Бұл ядролық қысқа әкеліп, бірнеше жыл бойы ауыл шаруашылығы өнімдерін өндіруді 80%-ға, ал Солтүстік жартышарда шамамен 100%-ға төмендетеді.
Отаго университетінің қызметкерлері мұндай ядролық соғыс жағдайында азық-түлік тапшылығы мен жаппай аштықтың салдарын еңсере алатын бес мемлекет болатынын анықтады. Олардың қатарына аралдарда немесе түбектерде орналасқан Исландия, Жаңа Зеландия, Австралия, Соломон аралдары және Вануату мемлекеттері жатады.
Ғалымдардың айтуынша, бұл елдердің тұрғындары күн сәулесінің азаюына қарамастан қалыпты аграрлық шаруашылық жүргізіп, аман қалады.
Модельдеу нәтижелері Risk Analysis ғылыми журналында жарияланды.