Munarmedia.kz-07.06.2025 /Астана/ 2025 жылғы 5 маусымда АҚШ президенті Дональд Трамп пен белгілі кәсіпкер, "Үкімет тиімділігі басқармасының" бұрынғы басшысы Элон Маск арасында дау туындаған соң, Маск әлеуметтік желі арқылы мәлімдеме жасап, АҚШ президенті Дональд Трамптың қызметінен кетуі қажет екенін ашық айтты.
Сол күні Элон Маск "X" әлеуметтік желісіндегі Трампты отставкаға жіберуді қолдаған жазбаға "Иә" деп жауап берген.
Сондай-ақ, 5 маусымда Маск әлеуметтік желі арқылы Трамптың салық саясаты биылғы жылдың екінші жартысында АҚШ экономикасын дағдарысқа ұшыратуы мүмкін екенін ескертіп, егер өзі көмек көрсетпегенде, Трамп президент сайлауында жеңіске жете алмас еді деп мәлімдеді.
Сол күні Tesla компаниясының атқарушы директоры Элон Маск пен президент Трамп арасындағы қайшылық көпшілікке жария болғаннан кейін, Tesla акцияларының бағасы 14,26 пайызға төмендеді. CNN арнасының хабарлауынша, компанияның нарықтық құны 150 миллиард АҚШ долларынан астам сомаға кеміген.