Munarmedia.kz ақпаратық-танымдық медиа портал
Астана
USD 501.21
Menu

Болат Назарбаев? Қазақстан моральсыз мемлекет айналып барады - танымал экономист

56



Экономист Айман Тұрсынхан Қазақстандағы әлеуметтік, моральдық ахуалға алаңдап отыр.

Ertenmedia.kz маманның пікірін қазақшалап, оқырманға ұсынуды жөн көрді. Сонымен...

"Әлемжеліге кірген сайын жүрегім мұздап, көңілім алай-түлей болады. Әр апта сайын Қазақстанда жасөспірімдердің, ересектер мен қарттардың өлімі туралы жан түршігерлік хабарлар жарияланып жатыр.

Одан бөлек, мектеп оқушыларының бір-біріне зорлық-зомбылық көрсетуі Исламның атын жамылып әкенің қызын зорлауы, өгей әкелердің туған шешелердің келісімімен кәмелетке толмаған қыздарын жасырын гаремдерге сатуы жайлы сұмдық оқиғалар жиілеп кетті.

Тіпті еліміздегі ең байырғы университетінің өзінде қыздардың пәктігін саудалау фактілері тіркелген. Емханалардағы науқастардың қорлыққа ұшырап, тоналып жатқаны тағы бар.

БН-нің (Болат Назарбаев?) өзі өлгенімен, оның "ізбасарлары" арамшөптей қаулап барады.



Ең қорқыныштысы – осының басында кедей-кепшік емес, керісінше, әбден тойынған мем.қызметкерлер, имамдар, кәсіпкерлер, полицейлер жүр. Бұлар ескі де, жаңа, екіжүзді Қазақстанның өкілдері.

Аса ауыр қылмыстарға негізінен жоқтықтан емес, тоқтықтан, моральдың мүлдем жойылуынан, жүгенсіздіктен, жауапқа тартылмасына деген сенімділіктен

педофилия элементтері араласқан адам шошырлық діни уағыздарға уланған адамдар барады.



Мұндай "уағызшыларды" қоғам алдында анықталған бойда пішіп тастау керек деп санаймын.

Осыдан кейін билік мінберінен толеранттылық, әлеуметтік мемлекет туралы сөз қозғаудың өзі күлкілі емес пе? Осындай моральсыздықтың артында кімдер тұр?

Бұның бәріне жоғары лауазымды тұлғалар кінәлі деп білемін. Мәдениет, денсаулық сақтау, ағарту, ғылым және жоғары білім, ішкі істер министрліктері, прокуратура, сот, ұлттық қауіпсіздік комитеті, барлық деңгейдегі депутаттар, діни конфессиялардың жетекшілері, әкімшілік қолдауы бар мажорлардың әулеттері...

Елімізде ешбір адам өзін қауіпсіз сезіне алмайды...

Шынын айтсам, қазір құқық қорғау органдарының өкілдерімен бір дастарханға отырудың өзі арлы адам үшін ұятқа айналды. Сол себепті тойға да бармаймын. Себебі, құбыжықтар мен олардың қылмыстарын бүркемелеп жүргендердің бетіне күліп отыра алмаймын".