Алматы әкімі Медеу ауданындағы әлеуметтік нысандар мен абаттандыру жұмысының барысын тексерді деп хабарлайды Ertenmedia.
Әкім «Келешек мектептері» ұлттық жобасы аясында салынып жатқан, 2 мың орындық білім ордасының құрылысына ерекше назар аударды.
Оқу маусымына дейін дайын болады деген мектептің құрылыс жұмысы баяу жүріп жатыр.
"Сізге сенім артқан едік, бізді ұятқа қалдырдыңыз. Қала бойынша 9 мектептің құрылысына жауаптысыз, бәрінде бірдей мәселе. Жұмыстың қарқыны көңіл көншітпейді. Уақыт созбай, тез арада тапсырыңыз. Төзімнің де шегі бар. Бала тағдыры мен бюджеттің қаржысына жүрдім-бардым қарауға болмайды", – деді Сатыбалды.
Айта кетейік, Bazis-A компаниясы Алматыдағы бірнеше мектептің құрылысын өз мойнына алып, мерзімінде аяқтауға уәде берген.
Наурыз айында миллионерге тиесілі Bazis-A Бектеновтің назарына ілігіп, салықтан жалтарғаны әшкере болған.