Munarmedia.kz | 02.10.2025 / Ақмола облысының әкімі Марат Мұратұлы Ахметжанов — бүгінгі қоғамның рухани және әлеуметтік болмысын жаңғыртуға мұрындық болған көреген басшы.
Оның айқын ұстанымы — халықтың әрбір топтарына, әсіресе жастар мен қарттарға деген қамқорлықты тереңдете отырып, өңірді жаңғырту.
2025 жылғы 1 қазан – Қарттар күні қарсаңында Көкшетауда ашылған «Көк Шалғын» аллеясы осы ұстанымның айқын көрінісі болды.
Бұл аллея тек қана көгалдандырылған кеңістік емес, ол — өткен мен бүгіннің, жастар мен аға буынның рухани үндестігін, халықтың бірлігін айқындайтын ерекше орын.
«Көк Шалғын» аллеясы қаланың төрт тарихи нүктесін: Мәңгілік алау мемориалын, Даңқ аллеясын, Тәуелсіздік алаңын және Сағдиев көшесін біріктіріп, Көкшетаудың жүрегіне жаңа тыныс, жаңа мәдени деңгей сыйлады.
Бұл – қала тұрғындарының күнделікті тұрмысын жақсартумен қатар, ұлттың тарихы мен болашағын бір арнаға тоғыстыратын тың жоба.
«Көк Шалғын» аллеясы мен Қарттар күніне арналған шаралар — Марат Ахметжановтың халыққа деген шынайы қамқорлығы мен жауапкершілігінің жарқын айғағы.
Марат Ахметжановтың қолдауымен жасалған бұл кеңістік — жүздеген ағаш, субұрқақтар, спорттық және ойын алаңдары арқылы тұрғындардың денсаулығы мен мәдени демалысына жағдай жасайды. Оның ашылуы қаладағы қоғамдық рухты көтеріп, халықты біріктіруге бағытталған нағыз мерекеге айналды.
Тіпті «Шай ішейік Fest» шарасы мыңдаған адамды ыстық шайға ұйыстырып, Гиннестің рекордтар кітабына енді.
Облыс әкімі тек инфрақұрылымды жаңғыртып қана қоймай, жас ұрпаққа сенім артып, қарттарға құрмет көрсетуде де ерен еңбек етуде. Оның арқасында Көкшетау әлеуметтік-мәдени даму жолында жаңа белестерге жетіп отыр.
Ол әкімдік қызметті мәртебе емес, халыққа қызмет ету парызы деп біледі. Сол себепті Ақмола облысы тұрғындары өздерінің сенімді көшбасшысы бар екенін мақтанышпен айтады.
Ұрпақтар сабақтастығы мен қоғам дамуының кепілі — адамдарға деген қамқорлықта. Марат Мұратұлының еңбегі — осыны дәлелдейтін живой мысал. Көкшетаудағы жаңа аллея мен мерекелік іс-шаралар елдің болашағын жарқын етудің бастамасы ғана.
Бұл — Қазақстанның аймақтық дамуы мен бірлігінің жарқын үлгісі.Көкшетау — табиғаттың сұлу шеберімен өрнектелген, тарихтың терең тамырымен көмкерілген, алайда замана жүгін арқалауда кей тұста кейін қалған қала болатын.
Алайда соңғы екі жылда қала ажарланып, рухы оянып, инфрақұрылымы жаңғырып, адам капиталының әлеуеті арта түсті.
«Көк Шалғын» аллеясы, жаңа жатақханалар, спорттық кешендер, заманауи саябақтар — мұның бәрі әкімнің Көкшетауға жасаған жанашырлық ниетінің, шынайы еңбек пен нақты жұмыстың жемісі.
Марат Ахметжановтың жұмыс стилі — артық пафоссыз, нәтижеге бағытталған нақты істерге негізделген. Ол облысты аралап, ауылдағы қарапайым тұрғынмен тілдесіп, қазандықтағы шлангіні де тексереді, университеттің ғылыми зертханасына да бас сұғады. Бұл — кабинетте отырып командамен басқару емес, алаңда жүріп ел мүддесін қорғайтын көшбасшылық.
Жаңа білім нысандары, тұрғын үймен қамту бағдарламалары, коммуналдық инфрақұрылымды жаңғырту, сапалы ауыз суға қолжетімділік мәселелері — әкім назарындағы басты бағыттар. Жоспарлар тек қағаз бетінде қалмай, күнделікті өмірге еніп жатыр.
Соңғы екі жылда бес мыңға жуық ақмолалық баспаналы болды. Бұл рекордтық жұмысты облыс әкімі Марат Ахметжановтың жарғақ құлағы жастыққа тимей жасаған ерең енбегінің нәтижесі деп білген жөн. Мұны көзқарақты азаматтардың барлығы да мақтанышпен айтуда.
Осылайша, Марат Ахметжанов бастаған Ақмола өңірі ел мен ердің үндестігі арқылы жаңа табыстарға жетіп, халықтың әрбір мүшесіне қамқорлық жасауды жоғары ұстанымға айналдырып отыр.
Бұл — болашаққа сеніммен қараудың негізі, және Көкшетаудың жаңа тынысы.
Азаматтың қадірі — ісінен, басшының бағасы — елге қалдырған ізі мен сөзімен өлшенеді. Ақмола облысының әкімі Марат Мұратұлы Ахметжанов — бүгінгі Қазақстанда өңір дамуы мен халық мүддесін биікке көтере білген елдік тұлғаның жарқын үлгісі.
Мемлекет басшысының сенімін арқалап, жауапкершілігі зор қызметке келген сәттен бастап, Ахметжанов өз жұмысын бір күндік PR емес, түпкілікті жүйелі өзгерістерге бағытталған даму идеологиясы ретінде көрсете алды.
Көш жүре түзелмейді, көш алға жүреді
Бүгінде Ақмола облысы — республикадағы инвестиция тарту, әлеуметтік инфрақұрылымды дамыту, ауыл мен қала арасындағы алшақтықты азайту бойынша көшбасшылар қатарында. Бұл — кездейсоқ жетістік емес. Бұл — көшбасшы мен командасының бір мақсаттағы ынтымақты еңбегінің нәтижесі.
Марат Ахметжанов ешқашан өз жұмысын жариялы мақтаумен көрсеткен емес. Бірақ ел өзі көріп, өзі бағалап отыр. Оның әрбір ісінен — елге деген шынайы жанашырлық, адалдық пен жауапкершілік сезіліп тұрады.
Ақмола – алтын белеске бет алған аймақ
Ақиқатында, облыс әкімінің жұмысы — көркем көрме емес, қайнаған еңбек, ұйқысыз түндер мен есепсіз кездесулер. Бұл жолда жүрек пен жүйке, білім мен біліктілік, сабыр мен стратегия қатар жүреді. Марат Мұратұлы — осының бәрін өз бойынан таба білген, заманауи әрі ұлттық болмысты қатар ұстанатын мемлекетшіл азамат.
Ақмола облысы өсіп келеді. Көкшетау түрленіп келеді. Ауылдар өмірге қайта келіп жатыр. Бұл — ел еңсесін көтеретін еңбек. Бұл — шынайы көшбасшының қолтаңбасы.
Бүгіңгі таңда ақмоланың дихандары алтын қамбасын жеті миллион тонна астықпен толтырды. Бұл еліміздің азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз етуге қосып жатқан орасан зор үлесі болып отыр. Тәртіп пен тазалық, міндет пен мақсат үштасқанда алынбайтын қамал жоқ. Аграрлы өңірді басқаратын Ахметжанов Марат Мұратұлының табандылығы мен басқарушылық қабілеті арқасында облыс бұрын соңды ауылшаруашылық саласында болмаған рекордтарға қол жеткізуде. Бұл мақтанарлық іс екені сөзсіз.
Бүгінгі Қазақстанға прагматизм мен патриотизмді ұштастыра алатын, іспен дәлелдейтін басшылар керек. Марат Ахметжанов — сондай тұлғаның бірі. Ол үшін әкімдік кресло — мәртебе емес, міндет. Ол үшін елге қызмет — уақытша лауазым емес, өмірлік парыз.
Бүгінгі жетістіктер — ертеңгі кемелдіктің бастауы. Ақмолада басталған жақсы үрдіс елге жұғысты болғай!
Бірліктің басы – әділет, ал ілгерілеудің негізі – еңбек. Осы екеуін ұстанған әкімнің жолы – халықпен бірге жарқын болсын!