ҚР Бас прокуроры Берік Асыловқа жолдаған депутаттық сауалында ол онлайн алаяқтық фактілері халықты қанап жатқанын айтты Мәжіліс депутаты Ринат Зайытов.
– Өзіңіз жақсы білетіндей, адамзат баласы жаһанданып, жаңарған кезеңде тәуелсіздігін енді қолға алып, етек-жеңін жинай бастаған Қазақстан бұрын естіп-білмеген талай жаңашылдыққа тап болды. Тиісті ақпараты мен тәжірибесі жоқ Қазақстан халқына ол жаңашылдықтар көп зиянды зардабын тигізіп жатыр.
Солардың бірі – «онлайн алаяқтық». Жаңа кезеңге жылдам бейімделген «жылпос» алаяқтар күн сайын қорғансыз халықтың шотындағы ақшасын ұрлап қана қоймай, мыңдаған адамның атына сырттай несие рәсімдеп, онсыз да зорға жүрген халықты зарлатуда, – деп ашынды халық қалаулысы.