Munarmedia.kz 17.06.2025 /Астана/-Қазақстандағы ең ірі банктердің бірі – «First Heartland Jusan Bank» АҚ ірі қаржылық жанжалдың ортасында қалды. Мәскеу Арбитраждық сотының ресми деректері мен Ernst & Young (EY) аудиттік ұйымының қорытындысына сәйкес, банк 4,4 миллиард рубльден (шамамен 22 миллиард теңге) астам сомаға тең міндеттемелерді реттеуші органдар мен инвесторлардан жасырған.
Бұл фактілер банкінің жылдық қаржылық есебінің шынайылығына күмән тудырып, Ресей Федерациясы аумағында банкроттық рәсімінің басталуына себеп болған.
Осы істің егжей-тегжейімен бөліскен Дінмұхамед Табылды – «Регион Строй» ЖШҚ-ның конкурс басқарушысының өкілі әрі бизнес-консультант – жағдайдың қаншалықты күрделі екенін атап өтті.
Қазіргі уақытта бұл мәселе халықаралық деңгейдегі сенімге, қаржылық есептілік талаптарына және шекарааралық банк операцияларының заңдылығына байланысты кең ауқымды талқылауларды туындатып отыр.
Jusan Bank бұл мәселеге қатысты ресми түсініктеме берген жоқ. Ал қаржы нарығын реттеуші органдар тергеу мен тәуелсіз аудиттік талдау жүргізу қажеттілігі туралы мәлімдеді.
Бұл жанжал банктік сектордағы ашықтық пен есептіліктің маңыздылығын тағы бір рет көрсетті.