Munarmedia.kz 25.12.2025 / Астана/ -Геологиялық компания C29 Metals Қазақстандағы Улытау уран жобасында бірнеше миллион доллар шығынға ұшырады.
2024 жылы австралиялық компания жобаның толық меншік құқығын алу үшін акцияларды сатып алу-сату келісіміне қол қойған. Мамандардың есептеуінше, Жамбыл облысы, Мойынқұм ауданында шамамен 3,8 мың тонна уран бар болуы мүмкін еді.
Алайда жоба жоспарланғандай жүрмеді. 2025 жылғы 2 шілдеде компания Қазақстандағы қызметін тоқтататынын жариялап, шамамен 3,2 млн доллар шығын келтіргенін мәлімдеді.
C29 Metals өкілдері бұл жағдайға Қазақстанның өнеркәсіп министрлігін кінәлады, өйткені ведомство өтінішті рәсімдеуде кешігіп, жобаның іске асуына кедергі болған. «Австралиялықтар біздің жерде жүріп-тұрып, ақыр соңында өз әрекетін тоқтатып кетті», – дейді сарапшылар.
Дегенмен, кейде бюрократиялық кедергілердің де пайдасы болады екен – кем дегенде еліміздің табиғи байлығы әлі толық қолданылмай қалды.
#экономика #инвестициялар #Қазақстан #уран #C29Metals #Munarmedia