Атырауда университет жатақханасының ғимараты құлады

83



Хәлел Досмұхамедов атындағы Атырау университетінің апатты деп танылған жатақханасының бір бөлігі опырылып түсті.

Университеттің шаруашылық бөлімі үш жыл бұрын № 2 жатақханадағы 1-қабатының қабырғасында ақаудың пайда болғанын байқаған. Тексеру жұмыстарын жүргізіп, апатты деп танылған бойда студенттерді басқа ғимаратқа көшірген.

Зардап шеккендер жоқ.