Munarmedia.kz. 26.08.2026. ASTANA— 25 тамызда Атырау мұнай өңдеу зауытының аумағында мұнай шламы тұтанды. Өрт толық сөндірілді, зардап шеккендер жоқ. (ФБРК)
Төтенше жағдайлар министрлігінің мәліметінше, зауыт аумағындағы түтін туралы хабарлама «112» пультіне сағат 12:55-те түскен. Оқиға орнына нысанның ерекшелігі ескеріліп, өрт сөндіру күштері жоғары шақырту деңгейімен жіберілді.
Зауыттың хабарлауынша, өрт жабық үлгідегі механикалық тазарту құрылыстарының тұндырғышында болған. Сол жерде мұнай өндіру және өңдеу кезінде пайда болатын қалдық — мұнай шламы жанған. Оқиға кезінде нысанда ешқандай жұмыс жүргізілмеген. (Атпресс)
Өртті сөндіруге ТЖМ, «Семсер өрт сөндіруші», АТМА әуежайы және NCOC компаниясының іздестіру-құтқару қызметінен шамамен 65 адам мен 19 техника жұмылдырылды. Сағат 13:42-де өрт оқшауланып, оның таралуы тоқтатылды. Кейін қызыл жалын толықтай сөндірілді. (Тенгри Ньюс)
Атырау мұнай өңдеу зауыты өртке қарамастан штаттық режимде жұмысын жалғастырып отыр. Кәсіпорында қайта тұтану қаупін азайту мақсатында аумақты салқындату жұмыстары жүргізілуде. Өрттің шығу себебі анықталып жатыр. (КТК)
Атырау мұнай өңдеу зауыты Қазақстандағы жетекші үш мұнай өңдеу кәсіпорнының қатарына кіреді. Кәсіпорынның жылдық жобалық қуаты шамамен 5,5 млн тонна мұнайды құрайды.
#MunarmediaKz #ASTANA #Атырау #АНПЗ #АтырауМӨЗ #Өрт #ТЖМ #МұнайШламы #МұнайӨңдеу #Қауіпсіздік #Қазақстан