Астанадағы ЛРТ станциялары ресми атауларға ие болды

73

Munarmedia.kz 18.08.2025 /Астана/-Астанада жеңіл рельсті көлік (ЛРТ) жобасының 18 станциясының атауы анықталды. Маршрут халықаралық әуежайдан бастап елорданың теміржол вокзалына дейін созылады.

Қалалық Тілдерді дамыту және архив ісі басқармасының түсіндіруінше, атауларды таңдау барысында әлемдік тәжірибеге сүйенілген. Яғни, әрбір станцияға сол аумақта орналасқан ірі нысандардың, көшелердің немесе ауданның атауы берілмек. Мұндай тәсіл жолаушылар үшін навигацияны жеңілдетіп, елорда картасындағы маңызды локациялардың танымалдығын арттыруы тиіс.

Алдын ала бекітілген атаулар тізімі мынадай:

  • «Әуежай»;

  • «Атамекен»;

  • «Университет»;

  • «Ұлы дала»;

  • «Астана Арена»;

  • «Бәйтерек» және тағы басқалары.

Қалған 12 станцияның атаулары тиісті ресми ресурстарда жарияланды. Ендігі кезекте бұл атаулар Үкімет жанындағы республикалық ономастикалық комиссияның қарауына жіберіледі.

Естеріңізге сала кетейік, Астанадағы көптен күткен ЛРТ желісін 2026 жылдың көктемінде іске қосу жоспарланып отыр.

• Фото: Ольга Ибраева («Орда»)