Munarmedia.kz -29.04.2025 жыл — Астана. 2011 жылдан бері Қазақстанда көпқабатты тұрғын үйлерге күрделі жөндеу жүргізуге арналған тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығын жаңғырту бағдарламасы іске асырылып келеді. Аталған бағдарлама аясында пәтер иелеріне пайызсыз несие ұсынылады. Қаражат жергілікті бюджеттен бөлінеді, ал тұрғындар оны бөліп-бөліп, ешқандай несие жүктемесінсіз қайтарады, деп хабарлайды елордалық әкімдіктің ресми сайты.
Астанада осы бағдарламаның жаңа моделі бойынша барлық кезеңдерінен өткен алғашқы үйлердің бірі — Құдайбердіұлы көшесі, 29/1 мекенжайындағы «Степной-2» тұрғын үй кешені. Бұл нысан пилоттық жоба ретінде таңдалып, тұрғындарға ауыртпалық салмай, қаржыландыру тетігі сәтті іске асырылды — әр тұрғынға жеке түбіртексіз, ашық және түсінікті түрде жүзеге асты.
Бағдарлама аясында жүргізілетін күрделі жөндеу жұмыстары тұрғын үйдің ортақ меншігіне кіретін негізгі элементтерді қалпына келтіруді көздейді: шатыр, инженерлік желілер, лифттер, қасбет, кіреберістер мен электр жүйелері. Қаржыландырудың үш тетігі бар:
-
Тұрғындар жиналысында бекітілген мақсатты жарналар;
-
ОСИ немесе ПТ-ның жинақ шоттарындағы қаражат;
-
Мемлекеттік пайызсыз несие, оны тұрғындар үйдің жинақ шоты арқылы біртіндеп қайтарады.
2023–2024 жылдары елордада осы үш көзді біріктірген пилоттық жоба жүзеге асырылды. Бұл тұрғындардың бағдарламаға сенімін арттырып, мемлекеттік қаражаттың дер кезінде қайтарылуын қамтамасыз етті.
«Степной-2» тұрғын үй кешенінің ОСИ төрағасы Ерлан Карбаевтың айтуынша, жобаның табысты болуы тұрғындардың белсенділігіне тікелей байланысты:
— Біз бәрін жиналыста талқыладық, адамдарға бұл — жаңару мүмкіндігі екенін түсіндірдік. Бірге шешім қабылдап, сметаны бекітіп, мердігерді таңдадық. Қазір үй толық жөндеуден өтті. Несиені ОСИ шотынан бір реттік төлеммен уақтылы қайтарып отырмыз, — дейді ол.
Тұрғындар жаңартылған шатыр мен инженерлік жүйелерге ие болды. Ал холлдарды косметикалық жөндеуден өз қаражаттарымен өткізген. Ерлан Карбаевтың айтуынша, ең бастысы — тәртіп пен ашықтық. Барлық шығын мен төлем бойынша ақпарат ай сайынғы есептерде көрсетіледі.
— Ең басты жетістік — әр тұрғынға жеке түбіртек жіберілмейді, несиені қайтару тікелей ОСИ шотынан жүреді. Барлық төлем — үйреншікті төлем парақтарындағы ағымдағы және жинақ шоттары арқылы жүргізіледі, — дейді жоба жетекшісі Гүлвира Абетова.
***
С 2011 года в Казахстане реализуется государственная программа модернизации жилищно-коммунального хозяйства, в рамках которой предоставляются беспроцентные займы на капитальный ремонт многоквартирных домов. Средства выделяются из местного бюджета, а жильцы возвращают их постепенно — в рассрочку, без дополнительных кредитных обязательств, сообщает официальный сайт столичного акимата.
В Астане одним из первых домов, прошедших все этапы этой программы по новой модели, стал жилой комплекс «Степной-2» по адресу ул. Кудайбердыулы, 29/1. Он стал пилотным объектом, где успешно отработан механизм финансирования с минимальной нагрузкой на жильцов — без индивидуальных квитанций и с сохранением прозрачности процесса.
Капитальный ремонт по госпрограмме предполагает восстановление ключевых элементов общего имущества дома: кровли, инженерных сетей, лифтов, фасада, подъездов и систем электроснабжения. Финансирование возможно по трём направлениям:
Целевые сборы, утверждённые на собрании жильцов;
Накопительные средства со сберегательных счетов ОСИ или ПТ;
Государственный беспроцентный заём, который жильцы возвращают частями с сберегательного счёта дома.
В 2023–2024 годах в столице был реализован пилотный проект, в рамках которого объединили все три источника финансирования. Это позволило повысить доверие жителей к программе и обеспечить своевременный возврат государственных средств без долгов.
Ерлан Карбаев, председатель ОСИ ЖК «Степной-2», рассказывает, что успех проекта был достигнут благодаря активному участию жильцов:
«Мы всё обсудили на собрании, объяснили людям, что это — возможность обновить. Договорились, проголосовали, утвердили сметы, подрядчиков, и теперь дом полностью отремонтирован. Возврат займа ведём единым платежом со счета ОСИ — без задержек».
Жильцы получили обновлённую кровлю и инженерные сети. Частично за свой счёт уже произвели косметический ремонт холлов. По словам председателя, главное — дисциплина и прозрачность. Все данные о расходах и возврате отображаются в ежемесячных отчётах.
«Ключевым достижением стало то, что возврат займа осуществляется напрямую со счёта ОСИ — без дополнительных квитанций для каждого собственника. Всё прозрачно: жильцы оплачивают только привычные строки в платёжке — текущий и сберегательный счета», — поясняет Гульвира Абетова, руководитель данного проекта.