8 айда 100-ге жуық полицей сотталды

141



Бұл туралы DataHub хабарлады.
 
2024 жылы қаңтар мен шілде айларының аралығында 95 полицей кінәлі деп танылып, сотталған.
 
47 адам «пара алу» және 27 адам «алаяқтық» бабы бойынша сотталса, 7 адам «пара беру», 5 адам «парақорлыққа делдал болу» бабы бойынша сотталған.

Қызметтегі әрекетсіздігі үшін 3 адам, өкілетін асыра пайдаланғаны үшін 2 адам, құзіретін асыра пайдаланғаны үшін 4 адам сотталған.