Мұнай өңдеу саласын дамыту тұжырымдамасы шеңберінде мұнай өңдеу көлемін кезең-кезеңімен ұлғайту жоспарлануда. Бұл туралы Үкімет отырысында Энергетика министрі Ерлан Ақкенженов мәлімдеді.
Оның айтуынша, 2024 жылдың қорытындысы бойынша мұнай өнімдерін өндіру көлемі 14,52 млн тоннаны құрады, осы жылы 14,55 млн тонна өнім өндіру көзделуде. 2040 жылға дейін мұнай өнімдерін өндіруді 14,52-ден 29,2 млн тоннаға дейін арттыру жоспарлануда.
Сонымен қатар 2040 жылға қарай мұнай өнімдерінің сапасын қазіргі экологиялық стандартынан K4-тен K5+ деңгейіне дейін тұрақты түрде жақсарту және сыртқы нарықтарға экспорттау күтілуде.
— деп атап өтті министр.