Колумбияда президенттікке үміткер, сенатор Мигель Урибе Турбайға сайлауалды митинг кезінде шабуыл жасалды. Оған бірнеше рет оқ атылды. Қазір Мигель Урибе ауруханада жатыр.
Шабуыл жасаған күдікті оқиға орнында ұсталды. 15 жастағы жасөспірімнің қолында тапанша болған. Қауіпсіздік қызметкерлері шабуылға жауап ретінде күдіктінің аяғынан атқан. Полиция жасөпірімнің артында кім тұрғанын анықтап жатыр.
Мигель Урибе Турбай – елдің бұрынғы президенті Хулио Сесар Турбай Айяланың немересі. 39 жастағы саясаткер 2026 жылғы президент сайлауына оппозициялық консервативтік партия атынан үміткер ретінде қатысуға ниет білдірген. Ол сайлауалды бағдарламасында ұйымдасқан қылмыспен және есірткі картельдерімен күреске басымдық беріп отыр.
15 жастағы жасөспірім Колумбия президенттігіне үміткер адамға оқ атты.
